Жеңісімді Қазақ еліне арнаймын – Айжан Жылқыбаева
Армия орталық спорт клубы мүшесі Айжан Жылқыбаева әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен I-ші әлем чемпионатында 48 келі салмақ дәрежесінде бас жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Көңіл күй керемет, ең бастысы, еңбек ақталды. Қарсылас қиын болған жоқ, себебі әдісімді білмейді, онымен бірінші рет шығып тұрмын. Бапкерлерге көп рақмет айтамын. Осы жарысқа физикалық, техникалық тұрғыда жақсы дайындады, оқу-жаттығу жиындарын өткізді, - деді спортшы.
Ол Шымкет пен Алматы қалаларында жалпы екі оқу-жаттығу жиыны өткенін айтты.
Жеңісіме сенімді болдым. Ары қарай да сенімді боламын. Бастысы еңбек ету керек. Жарыс өзіміздің қазақтың жерінде болып жатқан соң атмосфера, қолдау бөлек болды. Жанкүйерлерге, қазақ еліне рақмет айтамын. Осы жеңісімді сіздерге арнаймын, - деді Жылқыбаева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бекжан Төлеп: соңғы 10 секунд қалғанда жеңісті жұлып алдым
Өзгелердің жаңалығы