«Жеңіс салтанаты»: Театр сахнасында соғыс кезінде туған әндер шырқалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында Жеңіс күніне орай «Жеңіс салтанаты» атты концерт-спектакль өтті.
Соғыс кезінде туған әндер жүрек қылын қозғап, жан дүниені тебірентеді. Бүгінгі концертке келген көрермен сахнадағы өнерпаздармен бірге тебіреніп, толқыды. Зұлмат заманның қасіретін, болмыс-табиғатын еске салған «Жеңіс салтанаты» концерті өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, қайсарлыққа, адалдыққа баулиды. Ел үшін жанын қиған батыр бабаларымыздың ерлігіне тағзым етіп, құрмет көрсету – міндет, - делінген театрдың хабарламасында.
«Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклінде соғыс жылдарында шыққан әндер қазақ және орыс тілдерінде шырқалды.
Спектакль концерттің сценарий авторы Мирас Әбіл, режисері – Бәзіл Сұлтанғазы. Бас дирижер – «Мәдениет саласының үздігі» Ерлан Бейсембаев. Сахнада өнер көрсеткен Қазақстанның халық артисі Гүлжан Әспетова, Тілектес Мейрамов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сырым Қашқабаев, Нұркен Өтеуіл, Айнұр Бермұхамбетовалар көрерменнің қошеметіне бөленді.
Шара санитарлық талаптардың қатаң сақталуымен өтті.
Көрермендер ара-қашықтықты сақтап, медициналық бетперде киіп отырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19. Қызылорда «жасыл» аймаққа ауысты
Келесі жаңалық
Астанада халықаралық STEM-олимпиада басталды
Өзгелердің жаңалығы