Жеңіс Қасымбек: Қоғамдық көлікте тегін қатынайтын азаматтар санатын кеңейттік

Бұл туралы Астана қаласыныі әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.

Бүгін №1 коммуналдық автобус паркінің қызметімен таныстым. Бұл автопарк жұмысы қаланың жетпіске жуық бағытын қамтиды, мыңнан астам жүргізуші еңбек етеді. Субсидиялар есебі арқылы азаматтардың жеңілдетілген санаттары қоғамдық көлікте тегін қатынайды. Сол сияқты осы жылдың қаңтар айынан бастап тегін қатынайтын азаматтардың санатын да кеңейттік. Осыған дейін қалада кәмелетке толмаған тұрғындардың бәрі тегін жол жүрумен қамтылған болатын, – деді қала әкімі.

Оның айтуынша, қала тұрғындарының саны өсіп келе жатқанын, сондай-ақ жаңа көшелердің ашылғанын ескере отырып, қосымша автобустарды іске қосу қажет.

Биыл желіге тағы 500 автобус (оның ішінде жеке инвестициялар есебінен де бар) шығаруды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты жол-көлік желісін дамытуға, яғни көшелерді, көпірлерді жөндеу мен салуға, жаңа жолдарды ашуға және т.б. назар аударуды тапсырдым, – деді Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы