19 Қыркүйек 2019 2019, 18:25

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жеңіс Қасымбекті Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

"Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", - делінген ресми құжатта.