Жеңіс Қасымбек кәсіпкерлерге арналған логистикалық хаб ашылғанын айтты
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаланың бизнес-ахуалын одан әрі жақсарту үшін жұмыстар жүргізіп жатқаны жайында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елордамыздың экономикасының негізін шағын және орта бизнес құрап отыр. Қала тұрғындары мен қонақтары олардың қызметін күн сайын пайдаланады. Сол себепті біз кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жеке инвестициялар тарту, қаланың бизнес-ахуалын одан әрі жақсарту бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз, - деді ол.
Әкімнің айтуынша, биыл 25 инвестициялық жобаны іске қосуды жоспарлап отырғанын айтты.
Мәселен бұл жобалардың арасында өнеркәсіп, логистика, медицина, білім беру, спорт, агроөнеркәсіптік кешен және т.б. бар. Бұл жобалар елорда экономикасына шамамен 87 млрд теңге жеке инвестиция тартуға, тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Вице-премьер – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринмен бірге Ozon фулфилмент-орталығын аштық. Бұл – кәсіпкерлерге онлайн-бизнесті кеңейтуге мүмкіндік беретін ірі логистикалық хаб, - деді Жеңіс Қасымбек.
Түсіндіруінше, хабта 9 млн-ға дейін түрлі тауарларды сақтауға болады. Аталған фулфилмент-орталық 40 млрд теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ Астана әкімі қалада жеке қаражат есебінен әлеуметтік нысандардың, зауыттардың, логистикалық орталықтардың, өндірістік-тамақ кешенінің және т.б. құрылысы жүріп жатқанын атап өтті.