Жеңіс Қасымбек елорда тұрғынына Президент атынан сыйлық табыстады
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорда тұрғынына Президент атынан сыйлық табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Елімізде «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Акция аясында еріктілер мен белсенді азаматтар халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына: көпбалалы отбасылардың, ерекше қажеттіліктері бар жандардың, зейнеткерлердің және т.б. өтініші мен тілектерін орындауға көмектеседі.
Осыған дейін Мемлекет басшысы акцияға қатысушылармен кездесіп, сандықшадан хаттардың бірін таңдаған болатын. Өтініште Астана тұрғыны тонометр сұрағаны жазылған.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Гүлжахан Сыдықовамен кездесіп, Мемлекет басшысының атынан тонометрді табыстады. Сондай-ақ оған материалдық көмек көрсетіліп, санаторийге жолдама беріледі. Гүлжахан Сыдықова Президент пен «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысушыларға алғысын білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент шахматшыларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты
Өзгелердің жаңалығы