Жеңіс Қасымбек астаналық соғыс ардагерлерін құттықтады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.

Олардың ерлігінің, батырлығының, қайсар рухының арқасында бүгінде біз бейбіт аспан астында өмір сүріп келеміз.

Ырзағұл Байкешев Польша, Румыния және Венгрия елдерін азат ету кезіндегі қанды шайқастарға қатысқан. Соғыстан кейін экспедитор болып еңбек етті. Биыл атамыз 100 жасқа толады.

Василий Сердюков мектепте жүрген жерінен соғысқа аттанып кеткен. Ол Минск, Варшава, Познань және т.б. қалаларды азат етуге қатысты. Соғыстан кейін Василий Антонович теміржол станциясында жұмыс істеді, осы жылдары ол теміржол саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Абдурахман Сафаров осы айда 103 жасқа толады. Смоленск, Калуга, Витебск және басқаларын азат етуге қатысқан. Соғыстан кейін мектепте физика және математика мұғалімі болып жұмыс істеді.

Михаил Кулик соғыстан кейін Целинтранстройда еңбек етті. Ақмола-Павлодар темір жолының, әуежайдың, Жастар сарайының, бірінші стадионның, Турист қонақүйінің және т.б. құрылысына қатысты.

Екінші дүниежүзілік соғыстың әрбір ардагері мен қатысушысының маңдайына ауыр тағдыр жазылған. Біздің міндетіміз – оларға қамқорлық жасау және мәңгілік есімізде сақтап, құрмет көрсету. Жеңістің 78 жылдығы құтты болсын! Ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық пен амандық тілеймін! - деді Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Elorda.info
Өзгелердің жаңалығы