29 Қаңтар 2023 2023, 14:59

Жеңіс Қасымбек Астанаға тартылатын инвестициялар жөнінде айтты

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қаланың дамуы үшін инвестициялар тартылып жатқанын әлемжелідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қаланың дамуы үшін инвестициялар тартылып жатқанын әлемжелідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімнің айтуынша, биыл 30-ға жуық жобаны іске қосу жоспарланған. Жеке инвестициялардың жалпы сомасы 118 млрд теңгеден асады. 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Олар өнеркәсіп, медицина, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы кәсіпорындар, білім беру саласындағы 5 нысан (мектептер, балабақшалар), логистика саласындағы 4 жоба, спорт кешендері және т.б.

Бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен бірге №1 Индустриялық паркте бірқатар кәсіпорынның жұмысымен таныстық. Олардың қатарында ModeX модульдік үй құрылысы зауыты, мамандандырылған техника құрастыру зауыты, витраждар, терезелер, медициналық жабдықтар, жиһаздар, респираторлар және т.б. Кәсіпорын өкілдерімен бірге №1 индустриялық парк бойынша өзекті мәселелерді талқыладық, - деді Жеңіс Қасымбек.