Жеңіс Өсербай елде қанша қант қоры қалғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Бүгінде республика бойынша 90 мың тонна  қант қоры бар. Қант зауыттары 47 мың тонна қант бар. Республикада орташа есеппен айына 44 мың қант тұтынса, зауыттар 50 мың тонна қант өндіреді. «Азық-түлік корпорациясы» АҚ қазіргі таңда қантты өңірлерге сұраныс бойынша жеткізіп отыр. Кондитерлік фабрикалар да жуық араға қантпен қамтамасыз етілді, - деді ол. 

Жеңіс Өсербай атап өткендей, ЕЭК Қазақстанға 250 мың тонна қантты  баж салынғынсыз өткізуге мүмкіндік берді. 

Осылайша, республиканың қоры мен квоталар есебінен, ол толық қантпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар күнбағыс майы да елімізде жеткілікті, - деді ол. 

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде қант тапшылығы болатынын естіген тұрғындар дүкендерден жаппай қант сатып алып жатқаны таралды. 

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы