Жеңіс Қасымбек облыстағы жөндеу жұмыстарын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбек облыс орталығында 7-ші магистраль мен Магнитогорская көшесіндегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

Облыс орталығында 7-ші магистраль мен Магнитогорская көшесіндегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексердім. 7-ші магистральға келетін болсақ, жоспарланған 8,9 км-ден 6,3 км жасалды. Барлық жерде су өткізетін құбырлар орнатылды. Бұл жолдың маңызды стратегиялық бағыты бар. Ол «Тайота орталығынан» бастап «Глобал-ситиге» дейінгі жүк ағынын қаланың сыртымен қамтамасыз етеді, - деді Қасымбек.

Әкімнің айтуынша, Магнитогорская көшесіндегі жұмыстарға 85 бірлік техника жұмылдырылды. Қазірдің өзінде Восток-3 шағын ауданынан бастап, «Акация» кафесіне дейін 2,2 км жолдың құрылысы басталды.

Қазір коммуникациялардың қорғаныс қабатын қамтамасыз ету, аршу жұмыстары, топырақты тұрақтандыру және жол төсемін жасау шаралары жүргізілуде. Осыдан кейін асфальттау басталады. Майқұдықтың төменгі бөлігінде 2 қабат асфальт төселіп, тротуарлар, бордюрлер, техникалық тротуарлар абаттандырылып, жарықтандыру тіректері, белгілер, бағдаршамдар мен аялдама павильондары орнатылады. Содан кейін асфальттың соңғы қабаты салынады. Осы жылдың қазан айында құрылыс пен абаттандыру жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр, - деп жазды ол.

Сондай-ақ қалада 11 учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сәтбаев көшесін жөндеу жұмыстары маусым айында аяқталады.

16 және 17 шағын аудандардың аулаларында болдым. Мұнда аумақты абаттандыру, балалар және спорт алаңдарын, сондай-ақ футбол алаңын орнату жоспарлануда.

Биыл 3-ЖЭО-дан Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік-Батыстың жаңа тұрғын аудандарына дейін 3-ші жылу құбырын салу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта №1 сорғы станциясы салынуда. Бұл жобада осындай 4 станция салынады. Қазір жер жұмыстары жүргізіліп, құбырларды төсеу үшін 2 км траншея қазылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы