Жеңіс Қасымбек: Келер жылы теміртаулық дәрігерлерге пәтер беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Теміртау қаласына барды. Бұл туралы облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Мұнда медициналық кадрлар үшін бұрынғы жатақхана ғимаратындағы 85 пәтер жөндеуден өтіп, келесі жылы жас дәрігерлерге жиһазбен жабдықталып тапсырылатын болады. Сондай-ақ "Белгісіз солдат" атындағы скверде жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен таныстым. Қазіргі уақытта мұнда жүргіншілер жолына тас төсеу жұмыстары аяқталып келеді. Ал балаларға арналған алаңдар ойын кешендері мен көше тренажерларын орнатуға дайын. Сондай-ақ аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде - дейді өңір басшысы.

Әкімнің сөзіне қарағанда, ЖҚЖК бағдарламасы бойынша № 1 гимназия мен Ғ.Жұбанова атындағы өнер мектебін жөндеу жұмыстары аяқталуда. 

Сондай-ақ, 2-ЖЭО және 1-ҚарГРЭС-тің жұмысымен таныстым. Бұл жерде қосалқы жабдықтарды жөндеу жұмыстары аяқталып, жылыту кезеңіне қажетті отын қоры жинақталған. Қазіргі таңда мұнда №7 қазандықтың құрылыс жұмыстарын жеделдету қажет. Жаңа қазандықтың құрылысы теміртаулықтар үшін маңызды болып табылатын қалаға жылу мен ыстық су беру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Аталған қазандықта жаңа газ тазарту қондырғысы салынады. Ол шаңды ғана емес, сонымен қатар күкірт ангидридін де ұстап қалуға қауқарлы. Бұл жабдықтың қолданылуы жаңа Экологиялық кодекстің талаптарына жауап береді - дейді Жеңіс Қасымбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы