Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысында іске асатын жобаларды таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында биыл жеті жаңа өндіріс орны ашылды. Жыл соңына дейін тағы жеті жоба жүзеге асырылады.

Өңір өнеркәсібінің дамуы туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.

Өнеркәсіп өндірісі 3,4 трлн теңгеге жетті. Қара металлургияда көлем 12,4%-ға, жеңіл өнеркәсіпте – 11,9%-ға, фармацевтикада – 5,8 есе өсті. Біз өзімізге 2021 жылы инвестицияларды 740,3 млрд теңгеге дейін ұлғайту және 14 жаңа өндіріс есебінен 2 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарын қойдық. Олардың жетеуі іске қосылды, – деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.

Оның сөзінше, 10 айда 607 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, оның 73%-ы – жеке меншік.

Облыста жаңа ірі кәсіпорындар пайда болды. Мысалы, Жәйрем КБК полиметалл фабрикасы шамамен 400 адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Жаңа фабрика моноқалаға «көкжиекте» 100 жылға дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорында жылына 5 млн тоннаға жуық кен өңделетін болады. Қарағандыда күлділігі төмен жоғары сапалы көмір өндіретін байыту фабрикасы іске қосылды. Оның қуаттылығы жылына 2 млн тонна. Саран қаласындағы «Қазтехна» зауытында екінші кезең іске қосылды – кәсіпорын автобустарды шағын торапты құрастыруға көшті, – деді облыс басшысы.

Сондай-ақ әкім жыл соңына дейін өнеркәсіптің түрлі салаларында – тау-кен металлургия, өңдеу, тамақ және т. б. тағы жеті жобаны іске қосу жоспарланғанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы