Жеңіс Қасымбек экологтардың қатысуымен көшпелі кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық саябақта экологтардың қатысуымен көл мәселесі бойынша көшпелі кеңес өткізді. Бұл туралы әкім өзі хабарлады.
Экологтар көлдің батпақтануының негізгі себебін Бұқпа өзені арнасының бітеліп,су ағынының әлсіз болуымен байланыстырады. Бұл жайт көлдегі органикалық заттардың үлесін арттырып, балдырлардың белсенді өсуіне жағдай жасайды. Соңғы жылдары көл еріген қар және жаңбырдың суымен толады - деді өңір басшысы.
Бұл мәселені кешенді және жүйелі түрде шешу қажет екені анық.
Қала тұрғындары тарапынан көлге келіп түсетін кәріз төгінділерін жойып, содан кейін тұнба мен балдырлардан тазартып, ескі коллекторды бөлшектеу, сондай-ақ таза сумен толтыру үшін ұңғымаларды бұрғылау туралы ұсыныстар келіп түсті. Бұл ретте қала әкімдігі осы жылдың шілдесіне дейін аталған жобаны іске асыру үшін жобалық құжаттаманы әзірлейді. Жазда біз бұл жобаны іске асыруды бастаймыз. Алдағы уақытта бұл мәселе өз шешімін толығымен табатын болады. Сонымен қатар аталған мәселені шешу үшін коммуналдық қызметтер осы аптадан бастап көлді тазалау жұмыстарын қолға алып, Бұқпа өзені арнасын тазартатын болады - деді Жеңіс Қасымбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жұманғарин баға бұрмаланатын саланы атады
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы