Жеңімпазды дайындаған мұғалімге қандай сыйақы берілетіні белгілі болды

Сенат кулуарында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова ғылыми жобалар жеңімпаздарына және оларды дайындаған мұғалімдерге берілетін сыйақы жүйесін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, “Білім туралы” заңда республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиада жеңімпаздарына, сондай-ақ олардың жетекшілеріне төлемақы беру нормасы қарастырылған.

Бұл норма олимпиада жеңімпаздары мен оларды дайындаған педагогтерге қатысты. Төлемақы мөлшері оқушының жетістігіне, яғни қола, күміс немесе алтын медаль алуына байланысты белгіленеді, – деді Майра Мелдебекова.

Оның айтуынша, енді ғылыми жобалар бойынша республикалық және халықаралық деңгейдегі жеңімпаздарға төлемақы мөлшері 500 АЕК-тен 1500 АЕК-ке дейін бекітілген.

Бірінші, екінші және үшінші орын алған оқушылар мен олардың ұстаздарына осындай көлемде сыйақы қарастырылған, – деп нақтылады вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін сабақта телефон қолданған оқушы үшін ата-анасы айыппұл төлейтінін жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы