7 Қазан 2023 2023, 01:17

Жеңімпаздарды жанкүйерлері күтіп алды

Қытайдың Ханчжоу қаласындағы жазғы Азия ойындарында жүлдегер атанған спортшыларды жанкүйерлері қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қытайдың Ханчжоу қаласындағы жазғы Азия ойындарында жүлдегер атанған спортшыларды жанкүйерлері қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елорда әуежайында түнгі 00:35-ке қарамастан спортшыларды күтіп алуға келген жанкүйерлер көп. 

Ханчжоудан жеңіспен оралған жүлдегерлердің қатарында бокстан күміс жүлдегер Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагимова бар. 

Сондай-ақ 66 келіде ел намысын қорғап қола жүлдегер атанған Наталья Богданова да осы қатарда. 

Әуежайдан жанкүйерлер қолдау сөз айтып, жеңімпаздарды жеңісімен құттықтады.