Жеңілдетілген несие көбінесе ірі агроқұрылымдарға бөлінетіні рас па?
Қазір әлеуметтік желілерде ауыл шаруашылығындағы несие алушылар – негізінен ірі агроқұрылымдарға бөлінетіні туралы ақпарат таралуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі атап өткендей, бұл мәлімдеме шындыққа жанаспайды.
Биылғы жылы егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға алғаш рет 580 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 400 млрд теңгеге артық.
Бүгінгі таңда 5 мың АШТӨ 330 млрд теңгеге несие беріліп, бұл ретте кәсіпорындардың 88%-ы шағын бизнеске, 11%-ы орта кәсіпорындарға және қарыз алушылардың тек 1% - ы ірі кәсіпорындарға тиесілі. Бұл ретте қарыздар көлемі бойынша 60%-ы шағын шаруашылықтарға, ал ірі бизнеске бөлінген қаражаттың тек 16%-ы ғана тиесілі, қалған қарыз көлемін орта кәсіпорындар алды, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай кредиттер бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауға құжаттарды тапсырудың қажеттілігінсіз жылдық 5%құрайды, ал кредит мерзімі – 12 айға дейін.