Жеңілдетілген несие әперемін: Астанада әйел 30-дан астам адамды алдаған

Елордада полицейлер мемлекеттік бағдарлама аясындағы жеңілдетілген несиелерді рәсімдеуді уәде етіп, алаяқтық жасаған 37 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу деректеріне сүйенсек, ол өзін несие рәсімдеу саласында тәжірибесі бар маман ретінде таныстырып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Жылдық 8 пайызбен несие алып беремін деп алдап, алдын ала төлем талап еткен. Осылайша күдікті жалпы сомасы шамамен 5 млн теңге ақшаны иемденген.

Полиция күдіктінің 30-дан астам осындай алаяқтық фактілеріне қатысы барын анықтады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары азаматтарға бейтаныс адамдарға сенбеуді және күмәнді ұсыныстарға алданып қалмауды ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы