Жеңілдетілген автонесиемен 361 қазақстандық көлік алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Желмая" жобасының қонағы Қазақстандық автобизнес қауымдастығының техникалық реттеу бойынша директоры Ербол Сейпілов айтты.

Халық дұрыс түсінбей қалған сияқты. Бәрі тегін деп ойлап барды ғой алғашқы күндері. Қазір бірінші күндегідей қалың халық жоқ. Бәрі реттеліп қалды. Біздегі мәлімет бойынша, алғашқы күннен бастап 16,5 мыңға жуық адам банкке өтініш берген. Бүгінде  5,5 мың азаматтың өтініші мақұлданды. Яғни, көлік алу үшін банк оларға несие береді. Банктің мақұлдауы -  сіздің ай сайынғы төлей алатын қабілетініңіз бар деген сөз. Қазір 361 қазақстандыққа көлік берілді. Олар ресми түрде көлік иесі атанып отыр. Бұл бір аптаның ішіндегі жұмыс нәтижесі, - деді Қазақстандық автобизнес қауымдастығының техникалық реттеу бойынша директоры. 

Сондай-ақ спикердің айтуынша, жеңілдетілген автонесиенің талабы бойынша ел азаматтары тек су жаңа отандық көлік ала алады.

Автонесиелеу бағдарламасы бойынша бізде 5 көлік түрі бар. Олар Kia, Hyundai, JAC, Chevrolet және LADA көліктері. Сондай-ақ олардың қатарына Renault көлігі қосылды. Бұл  жеңілдетілген автонесие бағдарламасының 2015 жылғы жобасымен салыстырғанда өзіндік айырмашылықтары бар, - деді Ербол Сейпілов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы