Жеңілдетілген автонесие. Әзірге өтініш қана қабылдап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бүгін басталуы керек еді. Бірақ төлем шотын ала алмаған елордалықтар автосалондардың алдында сабылып жүр. 

Таңертеңнен кезегін күткен Гүлден Төлегенова автосалондарда халықты тек тіркеп жатқанын айтты. 

Тек тіркеп жатыр. Хабарласамыз деп телефондарды алып қалды, болды. Басқа ештеңе айтқан жоқ, – деді ол.

Ал елорда тұрғыны Асхат Мұқанов автонесиелендіру процесі дұрыс ойластырылмағанын алға тартады. 

Қазір машина жоқ. Машина келгенде сіздерге қоңырау шаламыз деді. Тізімге ғана жазып жатыр. Бізге төлем шотын бермейді. Ал төлем шоты болмаса, банк өтінімді қабылдамайды. Мұның бәрінің процесін дұрыс ойластырмаған. Бағдарлама шартына сәйкес келетін көліктер де жоқ, қалтадан қосымша төлем жасау керек, – дейді ол.

Еске сала кетейік, 16 мамырдан елімізде жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша 4 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен, 0 пайыз бастапқы жарнадан бастап бағасы 15 млн теңгеден аспайтын көліктерді алуға өтінімдер қабылдана басталуы керек болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы