1000 адам жеңілдетілген әлеуметтік қызмет алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мыңдаған ақтөбелік ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Қазпочта" АҚ және Ақтөбе қаласының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асыратын "Азаматтың әлеуметтік картасы" жобасы бойынша жеңілдетілген әлеуметтік қызметтер алды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні әлеуметтік карталар 25 мыңнан астам қала тұрғынына, оның ішінде мектеп оқушыларына берілді. Олар әлеуметтік төлемдер алуға, қоғамдық көліктерде жол жүру және мектепте тамақтану ақысын төлеуге арналған. Төлем кезінде иесінің жеңілдік санаты ескеріледі.

Сонымен қатар, жобаны іске асыру кезеңінде карта ұстаушылары 16 мыңнан астам транзакция жасады. Бұл ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру, қоғамдық көлікте жүру, мектептерде тамақтану және басқа да төлемдер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, "Азаматтың әлеуметтік картасы" жобасы пилоттық режимде 2019 жылы 1 шілдеде Ақтөбе қаласында іске қосылды. Одан әрі жобаны кең ауқымда Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында бастады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы