Жеңіл әуе кемесі апатқа ұшырап, 2 адам қаза тапты
Испанияның Валенсия провинсасындағы Рекена муниципалитетінде жеңіл әуе кемесі апатқа ұшырап, салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шетелдік БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, оқиға ауыл шаруашылығы алқабында орын алып, өрт шыққан.
Тілсіз жауды ауыздықтауға жергілікті өрт сөндіру консорциумының төрт бөлімі мен орман шаруашылығының өрт сөндіру тобы жұмылдырылған.
Қазіргі таңда апаттың себептері анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау беріледі
Өзгелердің жаңалығы