Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты басталды

Алматыда жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды  BAQ.KZ федерацияның баспасөз қызметінені сілтеме жасап.

Жарысқа 2005-2006 және 2007-2008 жылдары туған жас топтарындағы ұлдар мен қыздар қатысады. Медаль үшін 600-ден астам спортшы бақ сынайды. Турнир аясында 112 марапат жиынтығы ойнатылады.

Қазақстан Республикасының Чемпионаты 13-16 қазан аралығында Кувейтте өтетін U18 Азия чемпионатына қатысу үшін Қазақстан командасын іріктеуге арналған сайыс болмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы