8 Қыркүйек 2022 2022, 17:41
Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты басталды
Алматыда жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ федерацияның баспасөз қызметінені сілтеме жасап.
Алматыда жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ федерацияның баспасөз қызметінені сілтеме жасап.
Жарысқа 2005-2006 және 2007-2008 жылдары туған жас топтарындағы ұлдар мен қыздар қатысады. Медаль үшін 600-ден астам спортшы бақ сынайды. Турнир аясында 112 марапат жиынтығы ойнатылады.
Қазақстан Республикасының Чемпионаты 13-16 қазан аралығында Кувейтте өтетін U18 Азия чемпионатына қатысу үшін Қазақстан командасын іріктеуге арналған сайыс болмақ.