Жеңіл атлетика. Нора Джирутодан басқа спортшылардың нәтижесі қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шілденің 15-24 аралығында Орегон штатында (АҚШ) жеңіл атлетикадан Әлем Чемпионаты өтіп жатыр.
Тартысты додада ел намысын ҚР ҰҚК-ның 12 спортшысы қорғауда.
Спортшыларымыз жарыстың алғашқы күнінен бастап көзге түсті.
Олар:
Михаил Литвин - ерлер арасында 400м жүгіруден жартылайц финалда 45.63 нәтиже көрсетті.
Шейко Георгий – 20 шақырымға спорттық жүрісте 1:26.40 нәтижемен 28 орынға тұрақтады.
Якушева Галина - 20 шақырымға спорттық жүрісте 1:38.47 нәтижемен 33 орынға тұрақтады.
Репина Полина – алдағы 35 шақымрымға спорттық жүріс финалына дайындалуда.
Дубовицкая Надежда – биіктікке секіруде финалда 1,96 нәтижемен 8-орын иеленді.
Овчинникова Кристина – биіктікке секіруде 1,86 нәтиже көрсетті.
Ефремова Мария – ұзындыққа секіруде 13,27 нәтиже көрсетті.
Сафронова Ольга – 100м жүгіруде 11.65, 200м жүгіруде – 23.50 нәтиже көрсетті.
Мамажанова Жанна – марафон финалында 2:31.14 нәтижемен 21-орын алды.
Дэйзи Джепкемей – стипл-чезде 9:23.07 нәтижемен 19 орын алды.
Нора Джируто – стипл-чезде (кедергілермен 3000м жүгіру) 8:53.02 нәтижемен чемпиогнат рекордын жаңартып, Әлем Чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Каролин Кипкируи - 10000м жүгіруде 30:17.64 нәтижемен Қазақстанның рекордын жаңартты. Сонымен қатар, 5000 м жүгіруде 14:52.54 нәтижесімен финалға жолдама алды.