Жеңіл атлетика федерациясының президенті тағы 4 жылға сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Катар астанасы Доха қаласында Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF) президенті сайлауы өтті. Осыған басқарған Себастьян Коэ тағы 4 жылға сайланды.

Бүгін Дохада IAAF-тың 52 Конгресі өтті. Химена Рестрепо, Сергей Бубка, Джеффри Гарднер және Наваф бен Мохаммед әл Сауд аталған ұйымның вице-президенті қызметін атқармақ. 1992 жылы Барселона Олимпиадасында қола жүлдегер атанған колумбиялық Симена Рестрепо вице-президент болып сайланған алғашқы әйел атанды. 
Жалпы, Конгресске 203 адам қатысып, барлығы да Себастьян Коэға дауыс берді. Сондай-ақ IAAF-тың кеңесінің жаңа мүшелері сайланды. Олар:

Хироши Йококава (JPN)
Антти Пихлакоски (FIN)
Анна Риккарди (ITA)
Нань Ван (CHN)
Адиль Сумаривалла (IND)
Наваль Эль Мутавакель (МАR)
Эбби Хоффман (CAN)
Сильвия Барлаг (NED)
Альберто Хуанторена (КУБ)
Вилли Бэнкс (USA)
Рауль Чападо (ESP)
Добромир Карамаринов (BUL)
Беатрис Айкору (UGA).

Айта кетейік, Себастьян Коэ өзінің спорттық мансабында үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Екі рет 1500 метрге жүгіруден Олимпиада чемпионы атанды. 1979 жылы Track & Field News журналы әлемнің ең үздік спортшысы деп таныды. 

Спорттық карьерасын аяқтаған соң,саясатпен айналысты. 1992-1997 жылдар аралығында Англия парламентінде Корнуолл өкілдігінің мүшесі болды, 2000 жылдан бастап, мәңгілік пэр атанды. Британ империясының рыцарь командирі. С.Коэ 62 жаста.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы