Жеңіл атлет Алина Чистякова Азия чемпионатынан алтын алды
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Алина Чистякова Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҰОК таратқан мәліметке сәйкес, отандасымыз бессайыстан үздік нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 4181 ұпай жинады.
Күміс жүлдені қытайлық Сюй Цзяхуань (4091 ұпай) иеленсе, тағы бір Қытай спортшысы У Чжэн 4013 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Нора Джеруто қола жүлдеге ие болған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
7 ақпанға арналған валюта бағамы
Келесі жаңалық
Трамп пен Си Цзиньпиннің кездесуі өтпеуі мүмкін
Өзгелердің жаңалығы