Қазақстандық жеңіл атлет күміс жүлде еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Неаполь қаласында өткен жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасына алтыншы жүлдені жеңіл атлет Миxаил Литвин сыйлады. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
400 метрге жүгіруден Қазақстанның рекордсмені саналатын Миxаил Литвин студенттердің Универсиадасында екінші орынға ие болды.
Жерлесіміз финалда мәре сызығын 45.77 секундта кесіп өтті. Алтын медаль мексикалық Валенте Мендосаға (45.53) бұйырса, қоланы Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Гардел Эдвард Исакс (45.89) иеленді.
«Әзірге нақты қандай сезімде екенімді айта алмаймын. Бірінші орын аламын деген ой болған. Дегенмен, екінші орын да жаман емес. 45.60 секунд төмен нәтиже емес. Аздап ауа райы әсер етті, ылғалдылық жоғары. Елге оралған соң халықаралық турнирлерге қатысамыз. Кейін Түркияда жиын өтеді. Әрине, басты мақсатымыз әлем чемпионатына қатысып, Олимпиадаға жолдама алу», - дейді Литвин.
Айта кетейік, қазақстандық спортшылар Универсиада ойындарында бір алтын, төрт күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Дзюдошы Ғалымжан Қырықбай чемпион атанса, гимнастар Нариман Курбанов пен Милад Карими және стенд атушы Зоя Кравченко мен жеңіл атлет Михаил Литвин күміс еншіледі.
Стенд атудан қола жүлдені Сәрсенкүл Рысбекова иеленген.