Жеңгетайлық ісі бойынша халықаралық іздеудегі күдікті Грузиядан Қазақстанға жеткізілді
Трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында жеңгетайлық жасаған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен аталған елден Өзбекстан Республикасының азаматшасын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны және жеңгетайлық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында экстрадициялады.
Тергеу барысында аталған азаматшаның ұйымдасқан қылмыстық топтың өзге де мүшелерімен бірлесіп, жезөкшелікпен айналысатын және сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсететін тұлғалардан «Kyzdar.net» интернет-ресурсында орналастырылған сауалнамаларының шоттарын толықтыруға өтінімдер қабылдап, олардың сексуалдық қызметтерін ілгерілету және жарнамалау мақсатында жүзеге асырғаны анықталған.
Сонымен қатар, топ мүшелері түскен қаражаттан комиссиялық сыйақыны ұстап қалып, қалған соманы сайт әкімшілеріне аударып отырған. Осылайша, жеңгетайлыққа бағытталған заңсыз схеманың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз еткен.
Қазіргі таңда ұйымдасқан қылмыстық топтың бірқатар мүшесі әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Ал оның жекелеген мүшелері, оның ішінде күдікті де қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.
Ағымдағы жылдың шілде айында ол Грузия аумағында ұсталып, ол жерден Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға берілді. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды, – делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
ған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Еске салсақ, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Интерпол қолдауымен халықаралық іздеу жарияланған Ұлан Мұхтарұлы Байболовты Корея Республикасынан Қазақстанға қайтарған болатын.