Женевада Қазақстанның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ынтымақтастығы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша өңірлік директоры Ханс Клюгемен онлайн форматта кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.
Әңгімелесушілер Қазақстан мен ДДСҰ арасындағы ынтымақтастықтың ахуалы бойынша пікір алмасты. Е.Әлімбаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 29 қарашадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясына қатысуының және оның ДДСҰ Бас директорымен екіжақты кездесуі нәтижесі бойынша уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысына тоқталды.
Сонымен қатар Х.Клюгенің ТМД Парламентаралық ассамблеясының салтанатты отырысына қатысу үшін, сондай-ақ еліміздің және бірқатар мемлекеттік органдар басшылығымен екіжақты кездесулер өткізу мақсатында ү.ж. 28-30 наурызда Казақстанға жоспарланған сапары талқыланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында кремний өндірісі іске қосылды
Өзгелердің жаңалығы