Женевада БҰҰ 9 қызметкерінен індет анықталды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде ұйымдың тоғыз қызметкерінен COVID-19 вирусы анықталды, деп жазады China.org.
Әлем бойынша БҰҰ қызметкерлері арасында COVID-19 вирусын жұқтырған 78 жағдай тіркелген. БҰҰ ақпараттық қызметінің директоры Алессандра Веллуччи бұл 30 наурыздағы ақпарат екенін айтты. Пациенттердің жеке бас құпиялылығын сақтау мақсатында бұдан өзге ақпарат берілмейді.
Белгілі болғандай, БҰҰ COVID-19 пандемиясымен күреске жаһандық жоспар әзірлеп жатыр. Ол Африка, Азия, Латын Америкасы елдеріне және Украинаға негізделген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Lamborghini медициналық маска өндіре бастады
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы