Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары аудандық полицияда талқыланды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында Әл-Фараби аудандық полиция басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқықтық тәртіпті сақтау шараларын талқылаған жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараға Департамент қызметкерлерімен қатар, «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің өкілдері, еріктілер, сондай-ақ полиция басқармасының жеке құрамы қатысты.
Күн тәртібінде полиция қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамағаны үшін бірінші басшылардың жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департамент полиция жұмысында неғұрлым ашық және адал ортаны қалыптастыруға көмектесетін «Integrity Check» тұрақты өткізуді ұсынды.
Айта кету кетейік, ішкі істер органдарымен бірлескен іс-қимыл жоспары бекітіліп, оның шеңберінде түрлі сипаттағы іс-шаралар өткізілуде, азаматтардың өтініштерін сапалы және жедел қарау үшін мобильді топ құрылып, ІІМ мамандандырылған оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары үшін тақырыптық сабақтар өткізу жоспарлануда.