Жемқорлыққа қатысты жалпыұлттық сауалнамаға 58 мың қазақстандық қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен тұрғындар арасындағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама аяқталды.
Сауалнамаға еліміздің 17 аймағының 58 336 тұрғыны қатысқан. Социологиялық зерттеуді "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығы жүргізген.
Респонденттердің 1/3 бөлігі елдегі жемқорлық деңгейін "жоғары" деп бағалады. Сонымен бірге, респонденттердің жартысынан көбі соңғы 3 жылдағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайдың жақсарғанын атап өтті. Жалпы, респонденттердің шамамен 2/3 бөлігі елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес "күшейді" деп санайды, - деп мәлімдеді "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының ресми өкілі Әлия Оразғалиева.
Ол бұл нәтижені мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қосқан үлесінің және тиімділігінің артуының куәсі деп санайды.
Сауалнама аясында респонденттерден тұратын аймақтағы сыбайлас жемқорлық деңгейін 10 балдық шкала бойынша бағалау сұралған. Нәтижелері бойынша аймақтардың рейтингі құрылды.
Бұл елдің оңтүстік (Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Алматы) және батыс (Атырау, Батыс Қазақстан) облыстарының тұрғындары сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейінің жоғарылағанын көрсетеді. Сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейінің төмендегенін респонденттер Шығыс Қазақстан облысының, Солтүстік аймақтарында (Қостанай, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы) және елдің орталық (Қарағанды облысы) аймақтарында, сондай-ақ астана тұрғындары атап өтті. Айта кету керек, аймақтық аспект бойынша алынған мәліметтер сыбайлас жемқорлық тақырыбында бұрын жүргізілген тәуелсіз зерттеулермен расталады, - деді зерттеу орталығының маманы.
Айта кету керек, сауалнама "Talap.Опросы" мобильді қосымшасының көмегімен жүргізілді. Бұл респонденттердің құпиялылығын және мәліметтердің сенімділігінің қамтамасыз етті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлыбритания азаматтарына Иранға бармауға кеңес берді
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы