Жемқорлық. Іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалау органынан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударып келеді. Олардың көпшілігі елден тыс жерлерде жасырынып жүреді.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық Департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековті халықаралық іздестіруді жүзеге асырды.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбеков ұсталып, қамауға алынды. Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін «Алтынбековтен» «Алшерге» өзгерткен, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау рәсімі басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы