Қазақстанда тұрғын үй кезегін жылдамдату үшін пара алу фактілері жиі кездеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын қолдау үшін жыл сайын бюджет қаражатынан миллиардтаған сома бөлінеді. Бірақ, бұл сектордың дамуына сыбайлас жемқорлық фактілері кедергі келтіріп отыр.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің №1 департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров айтып берді.
Оның айтуынша, өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі 104 сыбайлас жемқорлық қылмыстық істі анықтаған, оның 49-ы сотқа жолданды және 20-дан астам лауазымды тұлғаны соттаған.
Осы қылмыстардан мемлекетке келтірілген залал 2,5 млрд теңгеден астам сомманы құрайды (2 525 277 мың теңге), оның 100%-ға жуығы (2 511 619 мың теңге) қазіргі таңда өтелді. Осы салада бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстары тергелуде. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында негізінен парақорлық, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану және жымқыру түріндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстар орын алады, - деп мәлімдеді аға тергеуші Данияр Бигайдаров.
Ол қаржыны жымқыру фактілер қандай салада жиі кездесетінін айтты.
Көбінесе орындалған жұмыстар актілеріне заңсыз қол қою (су тазарту құрылыстарын күрделі жөндеу, көшелерді жарықтандыру және абаттандыру, көлік құралдарының жылдамдығын мәжбүрлеп төмендетуді жабдықтау), тендерлер өткізу кезінде жеңімпаз атану, тұрғын үй беру кезегін жылдамдату үшін пара алумен магистральды желілерді қайта жаңарту және де елді мекендерді сумен жабдықтау сияқты жұмыстарды жүргізу кезінде бөлінген бюджеттерді жымқыру фактілері басым, - деді Агенттіктің аға тергеушісі.
Бегайдаров бірнеше статистикалық деректерді тізіп берді. Атап айтсақ, 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 300-ден астам сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Жусан" аяқталды: Сирияда әлі 100-ден астам қазақстандық жүр
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы