Жемқорлығы үшін сотталған Павлодар облысының экс-әкімі ақталды

Павлодар қаласының № 2 сотына облыс прокурорының орынбасары жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты өңірдің бұрынғы әкімі Болат Бақауовқа қатысты іс бойынша өндірісті қайта бастау туралы өтінішхатпен жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Экс-әкім қосымша есептелген салықтарды азайту мақсатында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, соның әсерінен ЖШС-ның салықты төлемегені үшін сотталған.

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеушісінің 2022 жылғы 22 қазандағы қаулысымен сот үкімі шыққаннан кейін мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің салықты қате қосымша есептеуі тұрғысындағы сараптама қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты ЖШС-нің салықты төлемеуі туралы іс тоқтатылды, - делінген Павлодар қаласының No 2 сотының баспасөз қызметінің мәліметінде.

Тергеушінің істі тоқтатуына байланысты Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 10 мамырда заңсыз деп танып, қосымша салықты есептеу туралы жариялаған хабарламасының күші жойылды.

Осылайша, мемлекет мүддесіне айтарлықтай зиян келтірілмеді.

Бұл мән-жай сотқа үкім шығару кезінде белгісіз болған.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты сот прокурордың өтінішімен келісіп, ҚПК 505-бабының негізінде сот үкімінің күшін жойды. Қылмыстық іс әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты тоқтатылды, - деді Павлодар қаласының No 2 сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

2020 жылдың қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Болат Бақауовты ұстады. Ол билігін асыра пайдаланды деген айыппен екі айға қамауға алынды.

Бақауовтың өзінің туысына тиесілі кәсіпорын төлейтін салық көлемін 200 млн теңгеден 3 млн теңгеге дейін төмендетуді, цифрларды жасыруды тиісті ведомстводан талап еткені анықталды.

2020 жылдың мамырында ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Instagram/bbakauov
Өзгелердің жаңалығы