Жемқорлар енді сайлауға қатыса алмайды

Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші  отырысында Ата заңға жемқорлардың сайлану құқығын шектейтін норма енгізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған және сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы Қазақстан азаматтарының сайлауға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Сонымен қатар сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе құқық бұзушылық жасауда кінәсі сотта белгіленген тәртіппен танылған азаматтардың сайлануға құқығы болмайды, - деп түсіндірді ол.

Сенатордың сөзінше, бұл Мемлекет басшысының жиі айтып жүрген сын-ескертпелерінің бірі.

Бұл жаңашыл нормадағы ерекше назар аударатын түзету қазіргі таңда қоғамда өте жағымсыз сипат алған сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық әрекеттеріне қатысты талаптардың қатаңдатылуы болып саналады, - дейді Нұрлан Бекназаров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы