Жемқорлық жыныс таңдамайды – Рамазанова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова AntikorLive жобасында айтты.
Қазақстан халқының 52 пайызы әйелдер. Егер 16-58 жастағы еңбекке қабілетті адамдарды алатын болсақ, 4,5 млн әйел бар. Бұл - ішкі өнімнің үлесін арттыруға үлес қосатын әйелдердің саны. Пандемия тек біздің еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің тіршілігіне әсер етті, - деді ол.
Рамазанованың айтуынша, жемқорлық жыныс таңдамайды.
Оны көп ғалым қолдаса, көп қоғам қайраткері келіспей жатады. Ауыл мен қаладағы бұрынғы таптаурын бойынша «балаңды жақсы жерге бер» деп саудагер дегенді менсінбейтін. Сол кезде мемлекеттік қызметке балаларын жіберген ата-ана көп болды. Кейін біздің еліміз нарықтық экономикаға көшті. Кәсіпкер деген сөздің мәртебесі өсті. Олар елді жұмыспен қамтамасыз ету бойынша мемлекетке қолдау көрсетті, - деді ол.
Ләззат Рамазанованың айтуынша, мемлекеттік қызметкер қаражаттан қысылмауы керек.
Ол тек мемлекеттік қызметкерге қатысты емес. Көп қазақстандықтың басында бар проблема шығар. Шетелде еңбек етіп жүрген адамдарды «елге қайтсын» дейміз. Олар қайтқан күнде де, ешкімнен қысым көрмейміз дегенге сенімді болуы керек, - деді ол.