Жемқорлық туралы хабарлағандар 23 млн 644 мың теңге ақшалай марапат алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші Данияр Биғайдаров «AntikorNews» жобасы аясында өткен брифингте айтты.
Қылмыстық жауапкершіліктен тек бір ғана жолмен құтылуға болады – ол үшін ешқашан пара берме немесе алма. Өз кезегінде егер кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларға біржолғы ақшалай сыйақы төленетінін еске саламыз, - деді ол.Биғайдаров атап өткендей, осы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған 145 тұлға жалпы сомасы 23 млн 664 мың теңгеге марапатталды.
Агенттік осы бағытта сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған жүйелі алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
Алдын алу іс-шараларымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісінде жазаның бұлтартпастығы да маңызды қағидат, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы