Екі елден әкелінетін жеміс-жидекке шектеу қойылмақ
Астана, BAQ.KZ. 19 ақпанынан бастап Қырғызстан мен Өзбекстаннан елімізде карантинге жатқызылған өнімдерге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізілді.
Атап айтқанда тұқымдық және азықтық картопқа, алма, құрма, сонымен қатар Өзбекстан Республикасынан әкелінетін анарға уақытша карантин қойылды. Бұл туралы брифинг барысында АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің орынбасары А.М. Марс хабарлады.
Соңғы уақытта Қырғыз Республикасынан және Өзбекстан Республикасынан енгізілген карантинге жатқызылған өнімдерден жүйелі түрде мынадай карантиндік объектілердің анықталуы жиілеп кетті:
- алма және құрмада карантиндік объект комсток сымыры - Pseudococcus comstocki (Kuwana);
- картопта карантиндік объект картоптың алтын түстес жұмырқұрты Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens.
2018 жылы және биылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға енгізілген карантиндік жүктерді тексеру кезінде Қырғыз Республикасынан карантиндік фитосанитариялық бірегей талаптарға сәйкес 465 факт, соның ішінде 59-ы карантинге жатқызылған өнімдерден карантиндік объектілермен залалдануы анықталды.
Биылғы жылдың ақпан айында Өзбекстан Республикасы аймағынан енгізілген анардан 2 комсток сымыры - Pseudococcus comstocki (Kuwana) анықталды.