Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қаупі туындап, 74 адам эвакуацияланды
Ақтөбе облысында 74 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылында қардың еруі мен жауын-шашынның көп түсуіне байланысты екі аула учаскесін су басып, Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қаупі туындады. 74 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды.
Медициналық көмек қажет болмады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы