Жем өзеніндегі су деңгейі 85 см-ге төмендеді
Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингі 14 сәуір сағат 8-дегі жағдай бойынша мәлімет ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысының Жайық өзеніндегі су деңгейі өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен өзгерді:
- Жайық өзені – Индербор кентінің су бекетіндегі деңгейі 525 см., су деңгейінің көтерілуі +9 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу деңгейі 302 см құрайды.,
- Жайық өзені – Махамбет кенті бойынша су деңгейі 640 см., су деңгей + 16 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 323 см құрайды.,
- Жайық өзені-Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 364см., су деңгейінің көтерілуі +12см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы су деңгейінің көтерілу 173 см құрайды.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
14 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу көлемі 447 м3 / с құрайды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Жем өзеніндегі су деңгейі 85 см-ге төмендеді. Мемлекеттік бақылау желісіндегі гидрологиялық мониторинг деректері бойынша, 2024 жылғы 14 сәуір, сағат 8-дегі жағдай бойынша Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылындағы гидропункттегі Жем өзеніндегі су деңгейі 85 см-ге төмендеді.
Су тасқыны басталғаннан бері Құлсарыда коммуналдық қызметтер 11 мың текше метрден астам су сорды. 13 сәуірден 14 сәуірге қараған түні судан құрғатуға 51 бірлік техника жұмылдырылды, вакуум машиналары 461 рейс жасады, - деді "Жылыой Тазалық" ЖШС директоры Бауыржан Құсман.