Жемқорлыққа барған қанша шенеунік жұмысынан босатылды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері басшылардың қол астындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлығы үшін отставкаға кетуі және тәртіптік жазаға тартылуы туралы заңнамалық норманың орындалуы жайлы айтты. Бұл туралы ведомствоның Telegram арнасында жарияланды.

Ақпарат бойынша, 575 адам әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 72-і жұмыстан, 81-і лауазымынан босатылды, 68-не лауазымға толық сәйкес келмеу туралы ескерту, 10-ның лауазымы төмендетілді, 145-не қатаң сөгіс жарияланды.

Бақылаудың болмауы мен бағыныштыларымен заң бұзушылықтарға жол бергені үшін әр түрлі деңгейдегі 250 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның 46-сы лауазымынан босатылды, 7-і жұмыстан шығарылды. Осы аптада ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Баитовтың тікелей бағынысты қызметкерінің тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуы тиіс еді", - делінген хабарламада.

Түсіндіре өтейік. 25 шілдеде комитеттің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Молдағұловқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді.

Биыл мамырда ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпкерден 700 мың теңге сомасында сыйақы алып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестат алуға қатысты оң шешім қабылдауға уәде берді. Шенеунік қылмыс жасағаны үшін ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 2-тармағы ("алаяқтық") бойынша кінәлі деп танылды. Ол он есе көп 7 млн теңге мөлшеріндегі айыппұл мен мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылады. Алайда, комитет төрағасы Баитов Молдағұловқа қатысты сот үкімінің (10 шілдедегі) заңды күшіне енуіне дейін өз еркімен қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы