Жемқорлыққа қарсы агенттіктің 5 қызметкері Президенттік жастар кадрлық резервіне енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін брифингте Кадр жұмысы департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов мәлімдеді.
Біздің ведомствода жұмыс істейтін адамдардың санын ескерсек, резервке Агенттік атынан 5 қызметкердің өтуі – жоғары көрсеткіш. Сондықтан біз, ең алдымен, өз резервшілеріміздің мансаптық өсуін қамтамасыз етуге бағыт алдық. Бүгінгі таңда олардың екеуі жаңа лауазымдарға ие болды. Серіктестік департаментінің директоры болып Расул Медетов тағайындалды. Бұған дейін ол Атырау және Ақтөбе облыстарының мемлекеттік қызмет департаменттерін басқарған. Шеффилд университетінің магистр дәрежесі бар. Бұрын Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Ғанижан Асанұлы Парасаттылық департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды. Ол өз қызметтік мансабын сарапшыдан бастап көтеріліп келеді. Лондондағы King's College мемлекеттік саясат және басқару мамандығы бойынша магистр атанған, - деді Нұрлан Жақсымбетов.
Оның сөзінше, Агенттік Президенттік резервпен жұмыс істеуді ары қарай жалғастырады.
Агенттіктің тағы екі қызметкері Превенция департаментінің бас сарапшысы Нұрсұлтан Бекинов пен Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Дәулет Қалдығожин резервке енді. Қазіргі уақытта олар ҚР Президентті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистратурасында оқиды, оқуды бітіргеннен кейін олар жоғары лауазымдарға тағайындалады, - деді Агенттік өкілі.Сонымен бірге, Нұрлан Жақсымбетовтің өзі де агенттіктің кадрлар бөлімінің бастығы бола отырып, Президенттік жастар кадрлық резервіне кірген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бюджет қаражатын ұрлаған мектеп есепшілері 3 жылға сотталды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы