Желтоқсандағы мерекелер кезінде қосымша пойыздар қатынайды

"Жолаушылар тасымалы" компаниясы Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

№201/202 "Астана-Алматы" пойызы:

Астанадан: 2024 жылдың 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары.

Алматыдан: 2024 жылдың 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсаны, 2025 жылдың 2, 5 қаңтары.

№203/204 "Астана-Шымкент" пойызы:

Астанадан: 2024 жылдың 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары.

Шымкенттен: 2024 жылдың 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсаны, 2025 жылдың 2, 5 қаңтары.

№205/206 "Ақтөбе-Астана" пойызы:

Ақтөбеден: 2024 жылдың 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары.

Астанадан: 2024 жылдың 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсаны, 2025 жылдың 3, 6 қаңтары.

Барлық пойыздарда купе және плацкарт вагондары бар.

13 желтоқсанынан бастап қосымша электр пойыздары іске қосылады:

"Қарағанды-Астана-Бурабай курорты" электрпойызы жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.

"Павлодар-Астана-Бурабай курорты" электрпойызы аптасына үш рет, яғни жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ
Өзгелердің жаңалығы