«Желтоқсан» саябағының жөндеу жұмыстарына әкімнің көңілі толмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Түрксіб ауданындағы саябақты көгалдандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Жоба көлді тазартуды, көпірлерді, серуендеу аймақтарын, балалар мен спорт алаңдарын салуды көздейді. Мердігер жұмыстың бір бөлігін орындады. Жаяу жүргіншілер жолы салынып, орындықтар, жарық шамдары орнатылып, 3 мыңнан астам ағаш отырғызылды.
Алайда, атқарылған жұмыстардың сапасына Ерболат Досаевтың көңілі толмады. Төселген тас отырып қалған, аралары ажырап, жарықшақтар пайда болған. Сырланған орындықтардың бояулары түсіп жатыр, бұл технологиялық процестің бұзылуын білдіреді.
Ескертулерлерден өзге, әкім жарық көздерін жаяу жүргіншілер жолының екі ждағына да орнатуды тапсырды. Ал,көгалдандыру кезінде топырақтың ерекшеліктерін ескеру қажеттігі айтылды.
Мердігерлерге барлық кемшіліктерді өз есебінен жою және барлық нормалар мен технологияларды сақтай отырып, жұмыстарды орындау тапсырылды. Саябақ осы жылдың қыркүйек айында тапсырылуы тиіс. Саябақты Ерболат Досаев жеке өзі қабылдайтын болады. Саябақ тапсырған соң жақын маңдағы 20 мыңнан астам тұрғынның демалыс әрі тартылыс орталығы болады.