Желтоқсан айында БЖЗҚ-дан баспана депозитіне 57 млрд теңге аударылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Былтыр 16 желтоқсаннан бастап біржолғы зейнетақы төлемін үй алу үшін депозитке аудару мүмкіндігі туғаны белгілі. Бұл мақсатты бүгінде 35 065 адам пайдаланып үлгеріпті.

Олар өз салымдарына 57 миллиард теңге аударғаны белгілі болды.

«Отбасы» банкіндегі депозиттерді біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтыру мүмкіндігі – еліміздің жас азаматтарын қолдаудың тиімді құралы. Осылайша, жұмыс істеп жүрген жастар баспанаға тезірек ақша жинай алады. Артынша жинақ шотының мерзімін ескере отырып, банктен  жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлемемен тұрғын үй несиесін алуға болады. Бүгінгі таңда бұл сіздің өмір сүру жағдайыңызды жақсартудың ең қолжетімді құралы. Өйткені мұндай несие бойынша төлемдер отбасылық бюджет еңсере алатындай көлемде, ал артық төлем мөлшері ең төмен, – деп түсіндірді Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бірыңғай зейнетақы төлемін аталған банктегі депозитке аудару мақсаты пайда болған соң әсіресе, жастардың аталмыш мүмкіндікті пайдалануы арта түскені маңызды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы