#Желмая. Айтыскерлер аузынан шыққан сөзіне лайық болуы керек – Жандарбек Бұлғақов
"Желмаяның" бүгінгі қонағы – айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов.
Жандарбектің шоу айтыстарға көзқарасы қандай? Шығармашылық кеш ұйымдастыру ойында бар ма? Оның қазіргі айтыстың мазмұнына көңілі толады ма? Қазіргі ақындарға көзқарасы қандай? Жүрсін Ерманмен арада болған кикілжің неден туындады? Ол ресми айтысқа неліктен қатыспай жүр? Осы және басқа да сұрақтарға Жандарбек Бұлғақов сұхбат барысында жауап берді.
"Желмая" жобасы – бір кездерде бас қалаға білім іздеп, білік іздеп, кәсібін шыңдауға, өмірінде жаңа белес бағындыруға келген жандардың, билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
"Желмая" жобасының бұған дейінгі шығарылымында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор, әнші Ұлықпан Жолдасов сұхбат берді.