#Желмая. Үйден шықпай-ақ 10 млн теңге табуға бола ма?
Жобамыздың бүгінгі қонағы – Президенттік жастар кадрлық резервінің жеңімпазы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Расул Медетов.
Еліміздегі төтенше жағдай, карантин кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері көп болды ма? Сыбайлас жемқорлық жасағандар неге абақтыға отырмай, тек айыппұл төлеп қана жазадан құтылады? Бұны қалыпты түрде қабылдауымыз керек пе? Айтылып отырған айыппұл қайда барады, кімнің қалтасына кетеді? Бізде пара алатындар көп пе, әлде пара ұсынатындар саны басым ба? Қазір Қазақстанда жемқорлық деңгейі қандай? Үйден шықпай-ақ қалай 10 млн теңге табуға болады? Агенттік өткізіп жатқан "Адал көмек" жобасы қандай жоба және оның тиімділігі неде?
"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
"Желмаяның" бұған дейінгі қонағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Әділ Ахметов болды.