#Желмая. Университеттерді мемлекеттік және жекеменшік деп бөлген дұрыс па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» интернет жобасының бүгінгі қонағы – Кембридж университетінің түлегі, білім саласының эксперті Нұрмұхаммед Досыбаев.
Еуропа мен Қазақстандағы ЖОО-ны салыстыруға бола ма? Университеттерді мемлекеттік және жекеменшік деп бөлген дұрыс па? Бізде бала мектеп бітірген соң, міндетті түрде жоғарғы оқу орнына түсу керек деген түсінік бар, ол қаншалықты дұрыс? Елімізде бір университетте 160 мамандық оқытатын білім ордалары да бар, ал онда білім сапасы сақтала ма? Қазақстанда қанша жекеменшік мектеп пен балабақша бар? Білім және ғылым саласындағы 16-министр Асхат Аймағамбетовтің жұмысына көңіл тола ма?
«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
Жобамыздың бұған дейінгі қонағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы директорлар кеңесінің төрағасы, экс-сенатор Бексұлтан Тұтқышев болған еді.