#Желмая. Сталиннің кезінде тумағанымызға шүкір – Тұрсынбек Қабатов
"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы – "Әзіл-әлемі" әзіл-ысқақ театрының директоры Тұрсынбек Қабатов.
Тұрсынбектің елімізде таралған індетке байланысты айтар пікірі қандай? "Әзіл-әлемі" театры және "Nomad citу hall" концерт залының жұмысы тоқтады, ал концерттер онлайн форматта өтіп жатыр ма? Маска тігу идеясы қайдан шықты? Оның қоғамда атқарып жатқан істері қаншалықты пайдалы? Сынап жатқандарға айтар пікірі бар ма? "Nur Otan" партиясына мүше болғандағы мақсаты не? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын театр директоры Тұрсынбек Қабатов жоба барысында талқылап берді.
"Желмая" жобасы – бір кездерде бас қалаға білім іздеп, білік іздеп, кәсібін шыңдауға, өмірінде жаңа белес бағындыруға келген жандардың, билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
"Желмаяның" бұған дейінгі қонағы ҚМДБ наиб мүфтиі Ершат Оңғаров болған еді.